Заманауи технологиялар дәуірінде ақпарат алмасу мен өзара байланысты нығайту – уақыт талабы. Осы мақсатта әзірленген веб-сайтымыз арқылы бөбекжайымыздың тыныс-тіршілігімен, жаңалықтарымен, тәрбиелік-білім беру бағытындағы жұмыстарымен және маңызды іс-шараларымен таныса аласыздар.
Біздің басты мақсатымыз – әр балаға бақытты балалық шақ сыйлап, оның жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына және тұлға болып қалыптасуына қауіпсіз қолайлы орта қалыптастыру.
Сіздерге ұсынатын ақпараттарымыз пайдалы болып, сайтымыз бөбекжай мен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайтатын сенімді ақпараттық алаңға айналады деп сенеміз.
Туған жылы мен жері: 1978 жылғы 30 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылында дүниеге келген.
Білімі: Жоғары. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті 2004 ж; Бастауыш сынып мұғалімі;
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті-2018 ж.; "Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие" мамандығы.
Біліктілік санаты: "Екінші санатты басшы", Педагог - сарапшы




