Ағымдағы жылдың 16 ақпанында бөбекжайымызда №3 педагогикалық кеңес өтті

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуда дамытушы ортаның ықпалы».
Жоспарға сәйкес бөбекжай дефектологы З.Халмурзаева "Балалардың физикалық дамуындағы дамытушы ортаның маңызы" тақырыбында кеңес беріп, "Денсаулық сақтау технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастырылған іс-әрекеттерге енгізу" тақырыбында тәрбиеші Л.Сәулебекова тәжірибесімен бөлісті.