№57 бөбекжай
№57 бөбекжай
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу-әдістемелік орталығы" КММ нің ұйымдастыруымен, мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру мақсатында жекеменшік «Шабыт» балабақшасы базасында мектепке дейінгі ұйымдарда «Инновациялық даму платформасы» аясындағы мамандықтар бағыты бойынша ерте кәсіптік бағдар беру тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында бөбекжайымыздың тәрбиешісі А.Төлеген «Ойын арқылы мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында тренинг өткізді және педагогтер өзара тәжірибе алмасып, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, заманауи білім беру платформаларын тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.
Бөбекжайымызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Аналар мектебі" құрылып, жұмысын бастады
№ 9 “Дарын” мад тобы Дамытушы ойын “Таяқшалар”
Мақсаты: бала шығармашылығын , зейінін, кеңістікті бағдарлауды, құрастыру қабілеттерін дамыту. https://www.instagram.com/reel/C2HxvUjsVE-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...№ 3 «Балауса» ортаңғы тобы. Дидактикалық ойын: «Геометриялық пішіндерді ата»
Мақсаты: Геометриялық пішіндердің айырмашылығын білу. Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Тілдерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізуге тәрбиелеу. https://www.instagram.com/tv/C2MfoNWx7qu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== ...“Балдырған” тобының бүлдіршіндерімен 1-күн
Мен сіздерді жеке блогымда қарсы алғаныма қуаныштымын!
Мұнда сіз өзіңізді қызықтырған көкейдегі сұрақтарыңызды қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыз.
Егер, сіздің бөбекжайымыздың жұмысын жақсарта алатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қабылдауға әзірміз. Бұл интерактивті ресурс бөбекжай қызметінің мәселелерін кеңінен талқылау үшін жақсы алаң бола алады және мемлекеттік білім беру органдарының ашықтық белгісі болып табылады.
Қабылдауға жазылу




